Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отты жылдар...

Отты жылдар...

 «Жаутаңдап қарап дала тұр, 

Көз жасын сүртіп жаңа бір. 

Хабарсыз ұлын сұрауға, 

Жолыңды тосып ана жүр. 

Қанша үйдің ұрлап адамын, 

Қанша үйде сөніп қалды оттар. 

Көрдің бе ұлын ананың, 

Соғыстан қайтқан солдаттар?»... Ақын Сырбай Мәуленовтің осы бір жыр жолдарын оқыған сайын жанарыңа жас толады, жүрегің елжірейді.

Бүгін 9-мамыр - Жеңіс күні! Үлкен мейрам! Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін аса мәртебелі күн!  

«Құтты қонақ» бағдарламасының мерекелік шығарылымында Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің жауапты хатшысы Көпболсын Бекмағанбет қонақта болды. Студия қонағы отты жылдарда жазылған хаттар мен өлеңдер, айтылған әзілдер мен аңыздары жайлы айтып, соғыстың қасіреті туралы көңілге түйген ойларымен бөлісті. 

 Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.