Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Рамазан – сауабы мен шарапаты мол ай

Рамазан – сауабы мен шарапаты мол ай

Ораза мұсылмандарға парыз. Оразаның пайдасы өте көп. Соның бірі адам баласын сабырлылыққа, төзімділікке баулиды. Ұрыс-керіс, төбелес, қылмыс атаулының көпшілігі тез ашулану және сабырсыздықтан туындайтыны анық. Демек ораза атты құлшылық түрі ұрыс-керістен пендені алыстатып, адами қасиеттерге баулиды.

Қазақ радиосының «Сөйлеу мәдениеті» хабарында Рамазан айының қадір-қасиеті, ораза ұстаудың пайдасы мен сауабы жайлы айтылды.  

«Ораза ұстауға адамның ниеті болса ешқандай кедергі жоқ. Исламның өзінде көптеген жеңілдіктер бар. Сол жеңілдіктерді орнымен пайдалану керек»,- деді хабардың тұрақты қонағы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт. Әуенмен әрлеп, дыбысын қадағалаған Қайсар Ердеш.