Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Климаттың өзгеруі әлеуметтік теңсіздікке әсер етеді

Климаттың өзгеруі әлеуметтік теңсіздікке әсер етеді

Ғалымдар климаттың өзгеруі әлеуметтік теңсіздікке де әсер ететінін анықтады. Бүкіл әлем бойынша ауа температурасы артқанымен, оның әсері әртүрлі болады деп жазады ВВС.  

«Соңғы елу жылда климаттың өзгеруі мемлекеттер арасындағы теңсіздікті арттыра түсті. Ғалымдар соңғы зерттеу нәтижесінде анықтағандай, климаттың өзгеруі салдарынан кедей мемлекеттерде даму жылдамдығы бәсеңдеп, кейбір бай мемлекеттер одан сайын байып кеткен. Мұндай зерттеуді Калифорниядағы Стэнфорд университетінің мамандары жүргізген және олар анықтағандай, бүгінде ең бай және ең кедей мемлекет арасындағы айырмашылық жаһандық жылыну салдарынан 25%-ға артқан. «Зерттеу барысында 165 мемлекеттің 1961-2010 жылдар аралығындағы ауа температурасы мен экономикалық өзгерістері ескерілді. Ғалымдар ауа температурасы тұрақты мемлекеттерде экономика өсіп, ыстық жерлерде бәсеңдеп отырғанын анықтады. Бұл зерттеу жаһандық жылынудың көптеген салаларға әсер ететінін тағы бір дәлелдеді. Саясаткерлер климаттың өзгеруіне баса мән беріп, қайта жаңғыртылатын энергия көздеріне басымдық беруді алға қоюлары керек», деп жазады басылым.

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.