Алаштың алдаспан ақыны

Зар заманның зұлмат жылдары қазақ халқын аз жылатқан жоқ. Әріге бармай, тек қана кешегі кеңестік дәуірдің солақай саясатында қаншама қандастарымыз қуғындалды. Мәселен, 1932-33 жылдардың ашаршылығы, 1937-38 жылдардағы репрессияның зардабын қоса есептегенде халқымыз үш миллион азаматынан айырылыпты. Олардың ішінде ұлт зиялылары мен халық қамын ойлап бас имеген арда азаматтарымыз да бар. Солардың бірі ұлт болашағы үшін күрескен ақын, алаштың арысы - Мағжан Жұмабаев.
Мағжанның қай шығармасын оқысаңыз да, тыңдасаңыз да бойыңыз жанға жайлы ғажайып дүниенің қызуына жылынып, көңіліңіз жадырып, сыйқырлы да сырлы сезімдердің әсерлі шуағына шомылып жүре бересіз. Әсіресе, жігерлі де қайратты әуен-сазы ақынның толғау-жырларынан самал желдей есіп, жұмбақ әлемге жетелейді.
Мағжан Жұмабаевтың «Гүлсім ханым» атты толғау өлеңі жайлы жазылған «сезімнің өріп алқасын» деген деректі-музыкалы радиоәңгімесі Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған екен. Хабарлы сол кезде дайындаған редактор Орынбасар Доңқабақ.
Толығырақ «Асыл мұра» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.
Хабарды дайындаған Жанат Жанұзақ, мәтінін оқыған Әбдірәлі Бөлебай, әуенмен әрлеген Гүлжанат Байшотқызы.