Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бөлме гүлінің пайдасы: Фикус

Бөлме гүлінің пайдасы: Фикус

Фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал .

Фикус – ең көп таралған бөлме гүлі. Оның 1500-2000-ға жуық түрі бар. Бұл гүл бөлмедегі көмір қышқыл газын жұтып, оттегіні бөледі. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал.

Мамандар фикусты ас бөлмеге немесе терезесі тас жолға қарайтын бөлмелерге қоюға кеңес береді. Жылдың барлық мезгілінде бірқалыпты суғару қажет. Суғаратын судың бөлме температурасы деңгейінде жылы болғаны лазым. Жапырақтарын дымқыл матамен сүртіп тұру керек. Ол фикусқа әрі ылғалдылық беріп, әрі жапырақтарын шаңнан тазартады. Ұсақ жапырақты фикустарға су бүркіп тұру қажет.

Фикустың барлығы шіріген көң мен құнарлы топырақты ұнатады. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын тазалап алып, жаңа топырақ салып тұрған абзал. Көбейту әдісі: Қалемшелеу және жапырағы арқылы да көбейтіледі. 

Толық ақпарат аудионұсқада.

Бағдарламаның редакторы: Айнұр Шамшейтова.