Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тұңғыш заңдар жинағы

Тұңғыш заңдар жинағы

XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу дарынымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады. 

Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару аясында «Әдет» пен «Ұлы Жасаққа» негізделген заңдар жинағын жасады. Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған, бес бөлімнен тұратын бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді. Ал енді бұл заңда нақты қандай мәселелер айтылды? Аталған құжаттың Тәуелсіз еліміз тарихындағы мән-маңызы қандай? Бұл жайында заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладен Ибрагимов «Тұңғыштар» хабарына берген сұхбатында айтып берді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

 Хабардың редакторы: Алмас Байдрахман.