Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алманың пайдасы

Алманың пайдасы

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Алманы баршамыз жақсы көреміз. Ал алмадан дайындалған тәтті бәліштерді сүйсіне жейтініміз жасырын емес. Дәл осы алма қайнатпаларын да, шырындарды да күнделікті ас мәзірінде пайдаланамыз. Алайда осы жеміс жайында не білеміз?  

Ия, көп біле бермейтініміз бар. Сондықтан Сіздерге алма жайында толығырақ жазуды жөн көрдік. Жер шарында бұл алмалардың 36 түрі белгілі. Алайда, тек 10-нан астамының ғана шаруашылық маңызы бар. Негізінен, алманың Отаны - Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен. қазақстанда алманың «сиверс», недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл аралығында болса, алма ағашының биіктігі - 3 - 10м. 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. 

Алманың адам ағзасына пайдасы көп. Мәселен, алманың құрамында алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су , 7,5-16 пайызын қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды.  

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында. 

 «Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.