Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Киноматография мәселелері FILMFAN хабарында

FILMFAN – Отандық және әлемдік кинематографияға арналған хабар. 6 маусым күні Қазақ радиосынан тұсауы кесілді. Хабар бірнеше айдардан тұрады.

FILM-NEWS айдарында: 

Режиссер Берік Жахановтың «Ата кәсіп» деректі фильмі Севастопольдағы 15-ші «Победили вместе» халықаралық деректі фильмдер және телебағдарламалар» фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді. Айта кетейік, туынды бесік жасаумен айналысатын 47 жастағы Абдуманап Зупаров есімді шебердің өмірін суреттейді. 

Сондай-ақ, Армения астанасы Ереванда өткен Халықаралық қысқаметражды фильмдерге арналған фестивальде де олжалы болдық. Ален Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» арнайы жүлдені еншіледі. Шара 9-13 мамыр аралығында өтті. 

«Анаға апарар жол» АҚШ-та көрсетіле бастады. Ақан Сатаевтың фильмі 24 мамырдан бастап алпауыт елде прокатқа шыққан. «Қазақфильм» баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Новый мир» Sataifilm компанияларымен бірлесе түсірген тарихи картина Лос-Анджелес, Хартфорд, Хьюстон және Нэшвилл қалаларындағы кинотеатрларда көрсетіледі. 

Сондай-ақ, 2016 жылдың қыркүйегінде тұсауы кесілген кинокартина – «Анаға апарар жолды» Netflix компаниясының стриминг-платформасы арқылы онлайн көру мүмкіндігіне де ие болдық. 

«Менің атым Қожа» фильмі де ағылшын тілді көрерменге жол тартты. Ол 6-10 маусым аралығында Лондон кинотеатрларында көрсетіледі. Жобаны лондондық «Romford film festival» компаниясы қаржыландырды. «Romford film festival-да» қазақстандық кинорежиссер Әзиз Зайыровтың «Қыз бен теңіз» киносының таныстырылымы өтеді. Осы жайында «Еуразия Шығармашылық Гильдия фильм фестивальінің» директоры Майра Қарсақбаеваның телефон арқылы алынған пікірін тыңдарман назарына ұсындық. 

FILM-INTERVIEW айдарында: 

14-25 мамыр арасында Францияда 72- Канн кинофестивалі өткен болатын. Осы фестивальге Отандық кино продюсер Едіге Қожахмет /Алпысбай/ барып, шетелдік фильммейкерлермен келісімшартқа қол қойып қайтқандығы жөнінде өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Осы келісімшарт және киноиндустриядағы продюсердің рөлі, кино түсіру ісіндегі қаржылық сауаттылық, нарыққа, оның ішінде қазақ аудиториясына қандай жанрлар қажет, инвестор тарту, киноны бизнес, сатылатын өнім ретінде қарастыру мәселелеріне тоқталдық. Фильм жасауға қаржылық сауаттылық қаншалықты қажет екендігі егжей-тегжейлі айтылған сұхбатты Қазақ радиосының сайтынан, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» YouTube арнасынан қайта көріп, тыңдай аласыздар. 

FILM-TRAILER айдарында: 

. Мамырдың 24-інде ағылшындық кинорежиссер Гай Ричидың фэнтези жанрындағы Алладдин фильмі көрерменге жол тартты. Кинотеатрларда әлі де жүріп жатыр. 

· 6 маусымнан бастап «Қарғыс», «Композитор», «Рокетмен», «Икс Адамдар»: «Қараңғы Феникс», «Қорқыныш мекені», «Көрікті. Нашар. Қатыгез», «Шэрон Тейт елестері», «Домино» кинолары көрерменге жол тартты.

· «Композитор» фильмі – Қытай мен Қазақстанның бірлескен туындысы. Кино қытайлық композитор Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығын, Алматыға эвакуациясын, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын баяндайды