Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Допинг дауы әлі де жалғасуда

Допинг дауы әлі де жалғасуда

Жақында қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиада ойындарында иеленген жүлделерін қайтарды. Светлана Лондон Олимпиадасының алтынын, Ирина Бейжің Олимпиадасының күмісін қайта тапсырды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Олимпиадалық хартия ережелерін ұстанып, әлемдік спорттағы Қазақстан құрамасының беделін сақтау мақсатында спортшылармен әңгіме жүргізді. Атлеттер түсіністік танытып, төрт жылдық додасында иеленген медальдарын қайтарды.

Айта кетелік, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің Тәртіптік комиссиясы мен Спорттық арбитражды сот қазақстандық жеті ауыр атлет пен екі балуанның XXIX және XXX Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдарын жоққа шығарып, олардың допингке қарсы ережені бұзғандарын жария етті. Шешімге сәйкес атлеттер жарыстан шеттетіліп, нәтижелері жоққа шығарылды және медальдарды қайтаруға міндеттелді. Жақын арада қайтарылған медальдар Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданады. Жүлдесін әлі күнге дейін қайтармаған спортшылармен келіссөз жүргізуді ҰОК одан әрі жалғастырмақ.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы: Азамат Жомартұлы.