Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әже тәрбиесі – қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы

Әже тәрбиесі – қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы

Әже әлдиіндегі әлем – тұнып тұрған салт дәстүр, әдет ғұрып. Әже әлдиі, қазақтың қара өлеңі әлемдегі ең әдемі ән. Ал, әже ертегісі бастан аяғына дейін халқымыздың ауыз әдебиеті. Әженің тәрбиесі –  қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы. Жадымызға қашалған қасиетті ілім.

«Әжемнің әңгімесі» хабарында Жасыл экономиканы қолдау мен G-GlobaL-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов әжесінен алған тәрбиесін айтып берді. 

Асхат жүрегіне таза тамшы болып тамған әже ақылы мен әңгімелерімен өсті. Жаз шықса ауыл қайдасың деп тұратын жеткіншектің бірі болды.

Мемлекет отбасыдан басталады. Сол себепті де қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор. Ал, отбасы мен ағайын-туыс, ел-жұрттың амандығын, тіпті тілеуін тілеп, салт-дәстүрімізді ұрпағына ұғындырып, үлгі-өнеге көрсететін Асхат Сүлейменовті тәрбиелегендей әзіз әжелеріміз.

Өмірде немересін тағдырдың сан тарау соқпағында адаспауға, білімді де білікті болуға баулыған Гүлжамал мен Бәтеш әжелердің өнегесі осындай. Ұрпағының жұдырықтай жүрегіне парасаттылықтың дәнін еккен, періштедей пана болған әжелер-ай дейсің мұндайда. Рас, «Тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады» деген қағидаға талас жоқ. Ал, мықты мемлекет негізі отбасынан құралады.

Толығырақ «Әжемнің әңгімесі» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабар авторы Альмира Елімсары.