Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кәсіппен айналысу – өз мүмкіндігіңді сынау

Кәсіппен айналысу – өз мүмкіндігіңді сынау

Кәсіп болмай нәсіп болмас. Кез келген бизнесті жүргізу үшін алдымен сенім керек. Соқыр сенім емес, алдымен Жаратқанға, содан соң Абай айтқан ақыл мен қайратқа иек артқан, жігеріңді жанитын, жүректен шыққан арман-мақсатыңа жетелейтін сенім. Ол үшін қез келген жағдайда жақсылық жасауға, позитивті көруге ұмтылу қажет. Адамдардың тек жақсы жақтарын көру керек. Сол кезде өмір сүру жеңілдейді. Шешімін таппайтындай көрінетін мәселе кәдімгі өмір сүрудің заңдылығына айналады. Дегенмен жолы осы екен деп әр нәрсеге тыраштанып ұмтыла бермей, бойыңдағы бар дүниені, қабілетті бағалау керек. Міне, сонда ғана алыс арман жақындайды, қиыншылық атаулы алыстайды. Дәл осы қағидаттарды бойына сіңірген «101 кәсіп» хабарының бүгінгі кейіпкері Мақсат та өз кәсібін бастар кезде тек өзіне сенді. Сосын барып қасындағы достарына сенді. 

Кәсіпкер Мақсат Тоқболаевпен болған сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Алмас Байдрахман.