Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Күріштің қауызы арқылы электр энергиясын өндіруге болады

Күріштің қауызы арқылы электр энергиясын өндіруге болады

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «StartApp» хабарының кезекті шығарылымы күріш қауызынан баламалы энергия көзін ойлап тапқан жас өнертапқыш Илияс Мұратқа арналды.

Елімізде жылына 280 мың тоннаға жуық күріш егіледі екен. Ал соның 60 мың тоннасы қалдық, яғни, ешнәрсе жарамсыз күйінде лақтырылады немесе жағып жібереді. Есесіне экологияға қыруар зиян келеді. Осы жағдай 21 жасар Ілиястың жанына батса керек, кәдімгі күріштің қауызы арқылы да шаш етектен пайдаға кенелуге болатынын дәлелдеп шығарды.

Жас өнертапқыш Түркістан облысы, Мақтаралы ауданы, Атакент ауылының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін биыл ғана тәмамдады. Міне, сол оқу ордасында ғылыми жобамен емін-еркін айналысуына мүмкіндік туған. «Күріштің қажетсіз қоқысын тиімді пайдаланып, одан қуат алу идиясын теория жүзінде ұсынған – әкем болатын»,- дейді Ілияс Мұрат. 

Илияс Мұратпен болған сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы әрі редакторы: Мөлдір Жанбай.