Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құрманбек Жұмағали жаңа қызметке тағайындалды

Құрманбек Жұмағали жаңа қызметке тағайындалды

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-ның Бас директоры Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Құрманбек Жұмағалиұлы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Медиа саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек өтілін 2006 жылы бастаған.

2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық арнасында редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы-жүргізушісі.

2007-2013 жылдары «Хабар» агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, таңғы және қорытынды жаңалықтарының жүргізушісі.

2013-2014 жылдары Қарағанды облысы әкімінің Баспасөз қызметінің басшысы-Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Аймақтық дамыту дирекциясының директоры.

2016 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» ҚҚ директоры, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметінің жетекшісі.

2017-2018 Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры.

2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары.