Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Назар аударыңыз, іздеу саламыз!

Назар аударыңыз, іздеу саламыз!

Осыдан 18 жыл бұрын жоғалған Нұрғазы Шыңғысұлы туысқандарына іздеу салады.

Бұл жігіттің аты-жөні Нұрғазы Шыңғысұлы Сапармұратов, 1995 жылғы 21 сəуірде туған. Нұрғазының айтуынша, 2001 жылғы 20 желтоқсанда оны полиция капитаны Жамбыл облысы Луговое стансасындағы "Салтанат сарайы" дəмханасынан тауып алған. Кəмелеттік жасқа толмаған бала дəмхана маңында түнеп, ойнап жүрген. Сол күні толтырылған ресми құжат бойынша Нұрғазы көк түсті күртке, күлгін түсті жейде, сұр түсті баскиім, қара түсті резеңке етік, қара түсті шалбар киген, шамамен 4-6 жасар ұл бала. Ол өзінің есімін «Нурик», «Сапар», «Мұрат», «Нұржан» деп таныстырған, нәтижесінде аты-жөнін құжатқа «Нұрғазы Шыңғысұлы Сапармұратов» деп жазған. Бірақ, олай болмауы да мүмкін. Бала өзін өгей əкесі ұрғаннан соң үйден қашып кеткенін айтқан. Баланың маңдайында соққының ізі —яғни, тыртық болған. Нұрғазы анасы, өгей əкесі, қарындасы жəне інісімен бір үйде тұрған. Өгей əкенің есімі Шыңғыс, анасының есімі Феруза. Өкініштісі, бала өзі тұратын мекенжайды, өзінің жəне жақын адамдарының толық аты-жөнін айта алмаған. Сол күндері балам жоғалды деген арыз түспеген, сондықтан, полиция қызметкері Нұрғазыны Тараздағы Балалар үйіне өткізіпті. Нұрғазы қазір (құжат бойынша) 24 жасқа толды, Таразда жүр, тұрақты мекенжайы, жұмысы жоқ. Анасын, қарындасын, інісін іздеймін деп "Бармысың, бауырым?" хабарына бір емес екі адамнан сәлемдеме жазып жіберіпті. Егер, бұл оқиға сізге таныс болса, 2001 жылы жылғы желтоқсанда бала жоғалтқан отбасы туралы білсеңіз, бізге хабарласыңыз.

***

«Бармысың, бауырым» хабары «Қазақ радиосының» әуе толқынында сейсенбі, 10:15-те тікелей эфирде өтеді. Студияның байланыс нөмірі:

+7(717-2)75-72-75 және +77075355383 –WhatsApp.

ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!