Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жастар жылындағы жаңа бастамалар

Жастар жылындағы жаңа бастамалар

Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан жас буынды қолдау жылында атқарылып жатқан істер туралы «Жастар үні» хабарында кеңінен айтылады. 

Алматыда 800 мыңнан аса жас бар. Бұл – мегаполис тұрғындарының 45%-ын құрайды. Демек, Алматы жастардың көшбасшылығы бойынша алдыңғы қатарда тұр.

«Жас отан» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметовке биылғы жылға қатысты ойын білдірді.

«Жастар жылында» стартап жобалар да қолдауға ие. Өйткені, елімізде жас өнертапқыштар жыл сайын көбейіп келеді. Соның бірі «Паркинсон» ауруына шалдыққандарға арнап қасық ойлап тапқан 16 жасар Наргиз Әскербекқызымен сұхбат болады.

Бұл жылы мүмкіндігі шектеулі жастар да назарда. Мәселен, зағип жандардың арасында ойналатын футбол – «ГолБол» фередациясы «Жастыр жылын» қалай өткеруде? Бұл туралы голбол ойынының шебері Қанат Ақымбаев әсерлі етіп айтып береді.

Елімізде 549 жастар ұйымы жұмыс істеуде. Ал Алматы қаласында 143825 студент бар болса, соның 300-ге жуығы «Алматы студенттер альясына» мүшелік етеді екен. Аталған альянсының басшысы Жасұлан Бостандықұлы да үнін қосты.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы әрі редакторы: Мөлдір Жанбай.