Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Асар деген дәстүр бар...

Асар деген дәстүр бар...

Нарық заманында бір-біріне ақысыз көмектесу деген күлкілі нәрсе сияқты болып бара жатқаны рас. Дегенмен бізде игі дәстүр бар, ол – асар. Яғни, көпшіліктің көмегін пайдаланып шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмыста бірлесе көмек қолын созу. Халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады. Бұл дәстүр қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына ортақ, өте ертеде пайда болған...

Міне, осы дәстүр елімізде қайта жанданды. Бұл қазақтың мәрттігін ғана емес, бауырмалдығын, көпшілдігін білдіреді. Мысалы, Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тұрғындары асарлатып, жалғызбасты анаға үй салып жатыр. Құрылыс жұмыстарына ауылдықтармен бірге округ әкімдігі аппаратындағы қызметкерлер де білек сыбана кіріскен.

Жалғызбасты ана Бейсенкүл Баймұратова кішкентай ғана тар үйде күнелтіп келеді. Осыны көріп ауыл болып білек сыбана кірісіп, жаңа үй салып беруді қолға алған. Көрінген таудың алыстығы жоқ демекші, қабырғалары көтеріліп қалған үйге жуық арада Бейсенкүл апа кіріп, қоныс тойын тойлайтын болады. 

Толығырақ «Атымтай» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.

Ақпарат «Айқын» газетінен алынды.