Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Гүл таңдай білесіз бе?

Гүл таңдай білесіз бе?

Сіз гүл сыйлағанда дұрыс таңдай аласыз ба? Әр гүлдің өз ерекшелігі, жасырын сыры болатынын білемісіз? «Гүлдесте» айдарының бүгінгі саны осы тақырыпты жан-жақты ашуға арналады.  

Азалия – нәзік, адал, сезіміне тұрақты әйелдерге тән. Бұл гүлді сүйіктіңізге сыйлауыңызға бек жарасымды. Ер адамның бұл гүлді қызға сыйлауының түп мағынасы: жүрегіндегі сырлы сезімін жеткізу, қыздың жігіт өміріндегі қайталанбас, орны бөлек ерекше жан екендігінен хабар береді.

Мамыргүл (ақ гүлді, хош иісті ағаш) – жасырын махаббат белгісі. Кептірілген гүлдер шоғыры – жауапсыз махаббат. Көңіліңіз қаламайтын жан мазаңызды алса, оған осындай гүл шоғырын сыйға тартсаңыз, өзіне көңілі толмайтындығын бірден түсінеді.

Гардения – жасырын, тылсым махаббат, сен көріктісің деген мағынада сыйланады.

Қалампыр гүлі – абырой, намыс мағынасын береді. Әйелдерге тән махаббат белгісі. Қалампырдың әр түсінің өзіндік сыры бар. Мысалы: ақ қалампыр – біреуге арман-мақсатына жетуіне тілектес екендігіңізді білдіреді. Ақ қалампыр сыйлаған адам сізді көңілді, аржарқын адам ретінде қабылдайтынын жеткізеді. Ал сары қалампыр сыйға алсаңыз, сізді ол адамға сеніммен қарауыңызға шақырғанының белгісі.

Қызыл қалампыр гүлін сыйға тартса онда жеңіс пен табыс сіздің жағыңызда дегенді білдіреді. Қызыл қалампыр шоғырын көбіне сыйлы, құрметті кісіге сыйға тартқан абзал. Сүйіктіңізге де қызыл қалампыр аралас гүл сыйласаңыз болады.

Сүмбіл гүлін сыйлар алдында түсі мен түріне аса мән беріңіз. Осы гүлді сыйлаған адаммен өміріңіз жарқын болары сөзсіз. Егер алған гүліңіз ақ сүмбіл болса, онда ол адамның тұрақтылығының белгісі.

Шығыс гүлі – мені есіңде сақта деген мағынаны білдіреді. Астарында үміт пен ұяңдық қатар жүреді. Халық арасында осы гүлдің ауру мен бақытсыздықты аластауға әсері бар деп те айтылады.

Лаванда – бұл гүлді сыйлаған кезде ешқашан ұмытпайтындығыңызды тұспалдап жеткісесіз. Ал гүліңіз ақ түсті болса, арман-тілектің орындалуы.

Ақ раушан – кіршіксіз тазалықтың белгісі.

Сары раушан – бақыттың, қуаныштың гүлі. Егер қызыл раушан гүлімен сары раушан аралас сыйланса, әдемілік пен құштарлық қатар жүреді.

Қызыл раушан гүлі мөлдір махаббатты, жүректегі сезімді білдіреді. Тойға сыйланатын раушан гүлі бақытты махаббаттың белгісі.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Бағдарлама редакторы: Айнұр Шамшейтова.