«Менің құрдастарым»
Жазушы Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы еліміздің көмір орталығы Қарағанды қаласын кұрушы жастардың тұрмысы, қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихы, 30-жылдарғы ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігі мен еңбегін суреттейді.
Бұл – алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды. Роман 1939 жылы жарияланған. 1957 жылы орыс тіліне аударылған.
Бүгін «Көкжиек» хабарынан «Менің құрдастарым» романының жалғасын тыңдай аласыздар.
«Көкжиек» хабары сағат 21:00-де Қазақ радиосының эфирінен беріледі.
Хабардың редакторы- Альмира Елімсары