Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Арқаны тік ұстауды үйренудің 9 тәсілі

Арқаны тік ұстауды үйренудің 9 тәсілі

Бас пен мойынның жатаған болуы компьютер мен теледидар алдында ұзақ отырудан, смартфонға тым көп үңілуден пайда болады. Дегенмен, арқаны тік ұстауды түрлі жаттығуларды жасау арқылы оңай үйренуге болады. Бүгін арқаны тік ұстауды үйренудің оңай 9 тәсілімен бөлісеміз.  

1. Арқаңызды қабырғаға сүйеп, тік тұрыңыз

Аяғыңызды иық деңгейімен бірдей етіп ашыңыз. Жауырыныңызды қабырғаға тіктеп тіреп тұрыңыз. Мойын тігінен қабырғаға тиіп тұруы керек. Бұл жаттығуды бір минут жасасаңыз жеткілікті. Жаттығуды неғұрлым жиі қайталасаңыз, нәтижеге де тезірек жетесіз.

2. Доптың көмегімен бұлшық еттеріңізді жаттықтырыңыз

Массажға арналған арнайы доптар немесе роликтердің көмегімен мойын бұлшық еттерін жаттықтыруға болады. Теннис добы да кәдеге жарайды. Алдымен жерге жатып, допты желкеңізге қойыңыз. Оны бес минут шамасында оңға, солға, астыға, үстіге домалатыңыз.

3. Мойныңызға жиі жаттығу жасаңыз

Қолдарыңызды мойынға қойып, саусақтарыңызды қусырыңыз. Мойыныңызды артқа, қолдарыңызды алдыға қарай тартыңыз. Жаттығуды 30 секунд көлемінде жасаңыз. Күніне 3 реттен кем емес қайталап отырыңыз.

4. Құлағыңызды иығыңызға тигізіңіз

Тура қарап отырып, құлағыңызды иығыңызға дейін жеткізіңіз. Осылай оңға, солға басыңызды иіп, мойынға жаттығу жасаңыз. Бұл жаттығуды да 30 секунд шамасында жасап, күніне 3 реттен кем емес қайталап отыруға кеңес береміз.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының тікелей эфирінен тыңдай аласыз.