Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кәсіп түбі – нәсіп

Кәсіп түбі – нәсіп

Бүгінде ауылдарды дамытуға баса назар аударылып отыр. Ең бастысы, ауылдағы ағайынның жерден өнім алып, мал басын көбейтіп, тіпті басқа да кәсіппен айналысуына мүмкіндік баршылық.

Ауылдарда еңбекақы алып қана отыра беретіндей кәсіпорындар мен мекемелер жоқ екені белгілі. Бір кезде ауылдағы жастың бәрі қалаға ағылып, нәпақа іздеп кеткен еді. Қазір керісінше оралып жатқандар бар. Өйткені мемлекет жұмыс істеймін, кәсіппен айналысамын дегенге пайызы төмен несие ұсынып, кәсіппен айналысуына жол ашып отыр. Енді, тек еңбек ету керек. Мәселен, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауылдағы қаншама ағайын кәсіппен айналысуды қолға алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ осы бағдарлама арқылы пайызы төмен және жеңілдік мерзімі қарастырылған несие береді. Бұл кәсібін жаңадан ашқанның аяқтан нық тұрып кетуіне үлкен мүмкіндік. Мәселен, Ақтөбе облысында өткен жылы 655 ауыл кәсіпкері «Еңбек» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, өзін де, өзгені де жұмыспен қамтып отыр. Олардың алды еңбектің табысын еселей түсуге кірісіп кетті. Бөлінген 2 млрд 460 млн теңгеге жуық қаржы ауыл кәсіпкерлеріне тың серпін берді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылына 10 мыңға жуық ауыл кәсіпкерін қаржыландырады. Соның 70%-ы стартап-жобалар екенін ескерсек, Қордың қолдауымен қаншама жаңа жоба жүзеге асып жатқанын аңғару қиын емес. Қор шағын несие беруді бастағаннан бері ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 280 млрд теңгеге жуық қаржы берген.

Бұл туралы Қазақ радиосының "Медиа шолу" хабарында айтылды.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.