Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордалық оқушы мүгедектер арбасына орнатылатын ерекше қондырғы ойлап тапты

Елордалық оқушы мүгедектер арбасына орнатылатын ерекше қондырғы ойлап тапты

Елордалық оқушы Дулат Әміржан (қолмен итеру арқылы жүргізетін) мүгедектер арбасына орнатылатын автоматтандыру қондырғысын ойлап тапқан. Арбаға қойылған құрылғы мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін қозғалысына мүмкіндік береді. Бүгінгі жаһандану дәуірінде осы нұсқадағы арбалар жоқтың қасы.

«Екі аяғы бірдей сал болып қалған мүгедек жандар арбаның доңғалағын қос қолымен итеріп жүргізетіні белгілі. Ал менің құрылғымды қолдану арқылы оларға жеңіл әрі жылдам қозғалуға мүмкіндік туады. Автоматтандырылған арбаның әлемдік нарықтағы бағасы тым қымбат. Егер біз жасаған құрылғыны сатылымға шығаратын болсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға бағасы да қолжетімді әрі қолайлы болмақ»,- дейді жоба авторы Қазақ радиосының «Өнертапқыш» хабарына берген сұхбатында.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Айгерім Оралбек.