Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шетелдегі ұландар Qazaq Radiolary-да қонақта

Шетелдегі ұландар Qazaq Radiolary-да қонақта

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2019 жылдың 10 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет шетелдік қазақ диаспорасының балаларына арнап «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебін ашты. 

Елордаға Ресей, Иран, Монғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріндегі қазақ диаспорасынан 150 өкілі келді. Екі апталық жазғы мектептің бағдарламасында туған тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салты мен дәстүрін оқу көзделген.



Қатысушылар Нұр-Сұлтанның негізгі айшықты орындары мен танымал нысандарын аралады. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағы, Бозоқ қалашығы, «Родина» агрофирмасы, Аққайың орман питомнигіне саяхат жасады. Сондай-ақ оқушылар ғасырға жуық тарихы бар Qazaq Radiolary-на арнайы келді. Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары үнжариямыздың ішкі құрылымымен, жұмыс барысымен танысып, студияларды аралады. Тікелей эфирде хабар қалай таратылатынын көрді.

Жазғы мектеп «Отандастар» Қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен өтуде.