Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Арысқа көмек жалғасуда

Арысқа көмек жалғасуда

Көмекке зәру жандарға қарасып, жомарт жандардың демеуімен мұқтаж жандарға көмек қолын созу, игі істерді жүзеге асыру адамдардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып, Қазақстандықтардың бірлігін одан әрі мығымдай түседі. Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп, 13 млн теңгені арнайы есеп-шотқа аударды. Қаржылай көмекпен қатар, аталмыш кәсіподақтың аймақтардағы ұйымдары арыстық балаларды жазғы лагерьлерге орналастырып, киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.  

Шілденің 16-30 аралығында Ақтаудағы «Балдәурен» балалар лагерінде Арыс қаласының 50 баласына, «Алау» лагерінде 100 балаға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарлануда. Одан бөлек, Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері мен мұғалімдері, мұнайшылар мен ірі кәсіпорындары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды. Арыс жұртшылығына қолдау көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, сонымен қатар «Жастар» ресурстық орталықтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» және «Біз адамбыз-Біз біргеміз» қайырымдылық қоры базасында арнайы гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылып, 8 тонна киім, 6 тонна азық-түлік жиналып, алғашқы гуманитарлық жүк 27 маусым күні темір жол арқылы жөнелтілген. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда.

Толық ақпарат "Атымтай" хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.