Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шілдеде сәбилерге ең көп қойылған есімдер қандай?

Шілдеде сәбилерге ең көп қойылған есімдер қандай?

Шілде айында Қазақстанда жаңа туған сәбилерге Әлихан, Әлинұр, Айсұлтан, Раяна, Медина, Әмина есімдері жиі берілген деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті. 

Статистика ведомствосының мәліметінше, 2019 жылдың шілде айында Қазақстанда жаңа туған ер балаларға ең көп қойылған есімдердің қатарында Әлихан есімі көш бастап тұр. Бұл есім 377 сәбиге, кейінгі кезекте Әлинұр есімі 234 сәбиге, Айсұлтан есімі 198 сәбиге берілген. Сонымен бірге, бұл айда сәбилер Нұрислам (175), Мансұр (171), Әмір (160), Әли (151), Ислам (116) есімдерін де жиі иеленген. Ерасыл, Санжар, Мирас та бұрынғысынша кең тараған есім болып тұр. Ал қыз балаларға Раяна есімі ең көп қойылған – яғни 392 рет. 337 нәресте Медина есімін иеленсе, 312 балаға Әмина деген ат қойылған.

Қазақстан азаматтары дүниеге келген қыз балалар үшін Айлин, Айзере, Аяла, Айша, Асылым, Айару, Кәусар, Айым, Айкөркем, Сафия, Адина, Аяна, Інжу, Мәриям, Томирис, Жасмин деген есімдерді де жиі таңдайды екен.

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.