Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Күн ыстықта қандай тері аурулары жиі тарайды?

Күн ыстықта қандай тері аурулары жиі тарайды?

Жоғары ауа температурасы қолайсыздық тудырып қана қоймай, түрлі аурудың оңай таралуына да ықпал етеді. Күн ыстықта қандай тері аурулары жиі тарайды? Балалар мен ересектер олардан қалай қорғануы керек?

Дәрігердің айтуынша, ультракүлгін сәуле теріде Д витаминінің түзілуіне әсер еткенімен оны шектен тыс қабылдау қауіпті. Сәуле терінің ерте қартаюына, пигменттің, қатерлі ісіктің, ревматология ауруларының және басқа да кеселдердің пайда болуына әсер етеді.

Пигмент, секпіл – шамадан тыс инсоляцияның, теріде метаболизм бұзылғанының көрінісі. Сондықтан Күннен қорғайтын кремдерді пайдаланған жөн. Күннің астында мүмкіндігінше сағат 10.00 мен 16.00 аралығында жүрмеген дұрыс.

Күннің қатты ысуы балаларда да, ересектерде де тершеңдіктің артуына әсер етеді. Әсіресе, балалар денесіне күтімді өздігінен жасай алмауынан, гигиена қағидаларын ұстай бермеуінен түрлі тері ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Дәрігер сол себепті ата-аналарға бала тазалығына жіті мән беруді ескертеді. Ал нәрестелерде болатын бөртпе тек ыстыққа байланысты емес, басқа да инфекцияның әсерінен пайда болуы мүмкін.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.  

Хабардың редакторы: Еламан Әмірғазы.