Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларға куәліктерін тапсырды

ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларға куәліктерін тапсырды

Кеше, 13 тамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кейбір депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы" қаулылар қабылдады. 

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Кұл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Лукин Андрей Иванович, Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Нұржігітова Дана Өмірбайқызы, Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы тіркелген. 


Бірінші рет тағайындалған Сенат депутаттарына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. М. Имашев куәліктер мен төс белгілерін тапсырды. 


"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес тіркелгеннен кейін сайланған депутаттар өз өкілеттіктеріне кіріседі. 

Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды. Олар: Әйтімова Бырғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич, Ким Георгий Владимирович, Куставлетов Дулат Рашитович, Түсіпбеков Рашид Толеутайұлы. 

Бұдан басқа, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлы өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соғатын негіздің басталуы туралы қаулы және Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Михайловна Маркованы міндеттерінен босату туралы қаулы қабылданды.