Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Гүл таңдай білесіз бе?

Гүл таңдай білесіз бе?

Сіз гүлді дұрыс таңдай аласыз ба? Әр гүлдің өз ерекшелігі, мағынасы, сыры болатынын білесіз бе? Қазақ радиосынан берілетін «Гүлдесте» айдарының бүгінгі саны гүл таңдау тақырыбына арналды.

Азалия – нәзік, адал, сезіміне тұрақты әйелдерге тән. Бұл гүлді сүйіктіңізге сыйлауыңызға бек жарасымды. Ер адамның бұл гүлді қызға сыйлауының түп мағынасы – жүрегіндегі сырлы сезімін жеткізу, қыздың жігіт өміріндегі қайталанбас, орны бөлек ерекше жан екендігінен хабар береді. 

Мамыргүл – жасырын махаббат белгісі. Кептірілген гүлдер шоғыры – жауапсыз махаббат. Көңіліңіз қаламайтын жан мазаңызды алса, оған осындай гүл шоғырын сыйға тартсаңыз, өзіне көңілі толмайтындығын бірден түсінеді. 

Гардения – жасырын, тылсым махаббат, сен көріктісің деген мағынада сыйланады. 

Шығыс гүлі – мені есіңде сақта деген мағынаны білдіреді. Астарында үміт пен ұяңдық қатар жүреді. Халық арасында осы гүлдің ауру мен бақытсыздықты аластауға әсері бар деп те айтылады. 

Лаванда – бұл гүлді сыйлаған кезде ешқашан ұмытпайтындығыңызды тұспалдап жеткісесіз. Ал гүліңіз ақ түсті болса, арман-тілектің орындалуы. 

Ақ раушан – кіршіксіз тазалықтың белгісі. 

Сары раушан – бақыттың, қуаныштың гүлі. Егер қызыл раушан гүлімен сары раушан аралас сыйланса, әдемілік пен құштарлық қатар жүреді. Қызыл раушан гүлі мөлдір махаббатты, жүректегі сезімді білдіреді. Тойға сыйланатын раушан гүлі махаббаттың белгісі. 

Толық ақпарат аудионұсқада. 

Бағдарлама редакторы: Айнұр Шамшейтова.