Бақыт Жағыпарұлы: Әйгілі диктордың атында ешқандай белгі жоқ!
Мина Сейітқызы Сейітова – Қазақ радиосының ардагері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, радиохабар тарату іcінің қайраткері, КСРО-ның құрметті радисі, еңбек ардагері.
1919 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Қазақ радиосында 1934 жылдан бастап, қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, «Отан соғысы кезіндегі тылдағы қызметі үшін» орденімен, «Жеңіске - 40 жыл» медалімен, ҚазССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Дарынды диктор радиоға келгенге дейін медицина институтында Мәншүк Мәметовамен бірге оқыған. Оның сөйлеу шеберлігіне Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловскийлер ризашылық білгірген.
Микрофон алдында 44 жыл қызмет етіп, талай дикторларға, сонымен қатар Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Мұқағали Мақатаев сынды ұлттық мәдениетіміздің марқасқаларына ұстаз болған. Оны Юиий Левитан, Елизавета Емельянова сияқты Одаққа танымал дикторлар құрмет тұтты.
1943 жылы радионын жетекші дикторынан аға дикторына ауысқан Мина Сейітқызының орнына Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев қызметке алынды.
Биыл Мина Сейітованың туғанына 100 жыл. Осыған орай журналист, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы Меруерт апаймен (ред. Мина Сейітованың қызы) сұхбаттасып, Қазақ радиосының тұңғыш дикторының 100 жылдығын лайықты атап өту керектігін тілге тиек етті.
«Аяулы апамыздың қызы Мерурет əпкеміз бүгін радиоға келіп сұхбат берді. Өкінішке орай радионың «қарлығаш» дикторының атында ешқандай белгі жоқ. (көше, ескеркіш тақта т.б) Осы олқылықтарды ҚР Мəдениет минстрі Ақтоты Райымқұлова ханым мен Алматы қаласының əкімі Бақытжан Сағынтаев мырза ескерер деп үміттенеміз! Жыл соңына дейін Мина Сеитованың 100 жылдығына орай мəдени шараларды өткізуді мəдениет минстрлігі қолға алар деп сенеміз! Айтпақшы, Мина апайдың қызы Меруерт əпкеміз Қазақ радиосының атасы Ахмет Байтұрсынұлының жиеншары»,- деп жазды Бақыт Жағыпарұлы өзінің facebook әлеуметтік парақшасында.