Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шетел мультфильмдерінің қазақша дыбысталуы

Шетел мультфильмдерінің қазақша дыбысталуы

«Болашақ» корпоративтік қоры 2011 жылдан бері «The Walt Disney Company», Pixar Animation Studios туындыларын қазақ тілінде дыбыстап, көпшілікке ұсынып жүр. Бұған дейін 31 анимациялық өнімді дыбыстады. Алда «Малефисента-2», «Мұзды өлке-2» фильмдерін ұсынбақ. 

Осыған орай, «Filmfan» бағдарламасы кезекті санын шетелдік анимациялық фильмдердің қазақшаға дыбысталуына арнады. 

Бағдарлама қонақтары: Жәнібек Мұсаев – актер, Сая Тоқманғалиева – актриса, Айымгүл Орынбаева – Болашақ корпоративтік қоры «Өзіңнен баста» жобасының жетекшісі. 

«Disney», «Pixar» студиясының «Тачки 2», «Көліктер 2» жобасының ең алғашқы анимациялық фильмі Қазақстанға халықаралық танымалдық әкелді — «Disney» студиясы жүк көлігі Мэтр рөліндегі актер Азамат Қанапияның даусын әлемдегі ең үздік дауыс деп таныды. 

Азамат Қанапия тікелей эфирде қоңырау арқылы пікірін білдіріп, студия қонақтарымен бірге фильмнен үзінді орындап берді. 

  • Отандық арналардағы сериалдар мен фильмдерді дыбыстау мен кинотеатрлық туындыны дыбыстаудың айырмашылығы қандай? 
  • «Disney», «Pixar» компаниялары дубляжға қандай талаптар қояды? 
  • Шығармашылық ұжымның қаламақысы қалай төленеді? 

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.