Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары жайлы айтты

Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары жайлы айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қыркүйекте Қытайға ресми сапармен барады. Бейжіңде Мемлекет басшылары қандай мәселелерді талқылайды? Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас елшісі Чжан Сяо бүгін журналистермен болған кездесуде айтты.

«Қазақстан Президентінің Қытайға сапарына дайындық жүріп жатыр. Сапар жоғары деңгейдегі тұрақты кездесу дәстүрін нығайту және жалғастыру үшін үлкен маңызға ие. Бұл сапар екіжақты қатынастардың жаңа контурларын, таяу жылдардағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгілейді. Сапар ресми және бейресми кездесулерге толы болады», - деді Қытай елшісі.

Чжан Сяодың айтуынша, Мемлекет басшыларының кездесу уақыты кездейсоқ таңдалған жоқ.

«Кездесу ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуы қарсаңында өтеді. Бұл уақыт келісілді және кездейсоқ таңдалған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Тоқаев ұзақ уақыт бойы Қытайда дипломатиялық қызметте болған. Сондықтан осы жолғы сапарда ескі достарымен кездесуі де жоспарланып отыр», - деді Қытай елшісі.

Сондай-ақ, журналистермен кездесуде Чжан Сяо мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыта түсу керектігін айтты.

Әрі қарайғы ынтымақтастық бағыттарына келетін болсақ, елші Қытайдың жоғары технологиялар, жасанды интеллект, телекоммуникация және цифрландыруды дамытуда жетекші орында екендігін, Қытай елі өз тәжірибесін ұсына отырып, көрші елдермен осы салаларда ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін тілге тиек етті.

Бұл бағыттар Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары барысында талқыланатын болады.