Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жарықдиодты шамдардың қандай тиімділігі бар?

Жарықдиодты шамдардың қандай тиімділігі бар?

Халық энергия үнемдеп үйренуі керек.  

Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстандағы даму бағдарламасының сарапшысы Әділет Тікенов «Шалқар» радиосының «Шалқар шаңырағында» хабарына берген сұхбатында айтты.

Студия қонағы энергия үнемдеуде энерготиімді, яғни, экономикалық тұрғыда тиімді саналатын заманауи шамдар электр қуатын 5-6 есеге дейін үнемдейтіндігін айтты. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан экономикасының энергиялық тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде өтіп жатқан конференция жайына да тоқталды.

БҰҰДБ мәліметтері бойынша, Қазақстанда электр энергиясының негізгі тұтынушысы – электр қозғалтқыштар мен трансформаторлар. Ал тұрмыста – тоңазытқыштар мен желдеткіштер. Осыған байланысты Әділет Тікенов энергия үнемдеуді ынталандыру шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында қыркүйек айында дисконттық бағдарлама іске қосылғандығын хабарлады.

«Дисконттық бағдарлама ескі тұрмыстық техниканы кәдеге жаратуға, арнайы сертификат алуға мүмкіндік береді. Сатып алушылар бұл жеңілдікті жаңа энерготиімді тоңазытқыш сатып алу кезінде пайдалана алады»,- деді студия қонағы.

Сұхбатты жүргізген Ләззат Тиышбекқызы

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1012010