Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 15 жыл

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 15 жыл

Бүгінгі таңда әлемнің 31 елінде, Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Нью - Йорк көпшілік кітапханасы және Конгресс кітапханасы), Якутия Республикасы, Чуваш Республикасы, Румыния, Иран, Аргентина, Бразилия, Удмуртия, Германия, Испания, Өзбекстан кітапханаларында орталықтар ашылып, жұмыс істеуде. Орталықтырдың ашылу барысында «Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы» Меморандумдарға қол қойылды, соның аясында әдебиеттермен, тәжірибе алмасу және электронды кітапханаларына қолжетімділік орнатылды. Бұл туралы "Шалқар" радиосының "Шалқар шаңырағында" хабарында айтылды.

Халықаралық жобаның мақсаты – шет елде қазақ әдебиетін танымал ету, қазақстандық авторларды жаһандық әдеби үрдіске интеграциялау, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, саясатын, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы казір бұл кітапханалармен тығыз байланыста, бірлескен іс-шаралар өткізіп, тағы да басқа жоспарларды жүзеге асырып келеді. Толығырақ студия қонағы ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық акдемиялық кітапхананың ғалым хатшысы Төрегелді Тұяқбай айтып берді.

Жүргізуші: Мұхтар Тұртайұлы.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1012353