Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Тапқыр бала» – бірегей жоба

«Тапқыр бала» – бірегей жоба

Қазақ радиосында балаларға арналған жаңа жоба – «Тапқыр бала» интерактивті радиоойыны.

Бүгінгі жаһандану дәуірінің басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын білімді, отансүйгіш, текті ұрпақ тәрбиелеу. Жан-жақты, ұлттық тәрбиемен сусындаған, ана тіліне жатық, салт-дәстүріне берік ұрпақ – тәуелсіздікті нығайтады, болашақты гүлдендіреді. Оған қол жеткізудегі алғы шарттардың бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Ал ұлттық тәрбиенің негізі ана тілін, салт-дәстүрін дұрыс меңгеруден басталатыны анық. Осы бағытта жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштардың атқарар рөлі зор.

Жаңылтпаш – жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйретеді. Қазақ балалар өлең-ойындарының iшiнде салмақты орын алатын тәрбиелiк мәнi жоғары, көркемдiк кестесi де күрделi жанр. Ал жұмбақтар – балалардың ойлау қабілетін дамытып, тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлауға, мәдениетті сөйлеуге және сауатты жазуға әсерін тигізеді. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Балаларға арналған «Тапқыр бала» радиоойыны осы бағытта, яғни, балаларды ана тіліміздің қыр-сырын терең меңгеруге, әдеби тіл нормаларын сауатты игеруге, ойын көркем де бейнелі жеткізуге баулиды.

Бағдарлама барысында 3 кезең бойынша, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелмен байланысты ойындар ойнатылады. Ойын жеңімпаздарына «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» арнайы сыйлықтар ұсынады.

Радиоойын әр сенбі сайын сағат 12:05-12:35 аралығында Қазақ радиосының тікелей эфирінде өтеді. Балалар 87172 757275 нөміріне хабарласып, ойынға қатыса алады.

Бағдарлама авторы әрі жүргізушісі: Нұрсәуле Мамытхан.