Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Анвара Садықовамен «Түскі шәй»

Анвара Садықовамен «Түскі шәй»

Қазақ радиосынан эфирге жол тартқан «Түскі шәй» көңілашар бағдарламасының қонағы «100 жаңа есім» жобасына еніп, елге таныла бастаған, қазіргі биігіне шынайы таланты мен еңбегі арқылы жеткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, өнер шебері, қазақ биін зерттеуші әрі насихаттаушы, хореограф Анвара Садықова.

Анвара Садықова ғылыми айналымға «нео-қазақша хореография» терминін алғаш рет енгізген. Ұлттық балет өнерінің мәселелері бойынша 20-дан астам ғылыми мақала жазған. Үш телевизиялық бағдарламаның, үш деректі фильмнің сценарий авторы. «Қазақфильм» киностудиясымен бірге «Қазақ биі» деректі фильмін түсірген.

Хабар барысында қазақ биін әлемдік деңгейге көтеру, қазақ биінің басқа ұлттың билерінен ерекшелігі, техникалық күрделілігі жайында әңгіме болды.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы Ғалия Есқұлова.