Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мектептерде қазақ тілінің грамматикасы неге оқытылмайды?

«Нысана» бағдарламасында қонақта - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары Зейнеп Әбдіжүсіпқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім институтының директоры Манара Елеукенқызы және «Нұр-Сұлтан» қаласындағы №38 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Оразбайқызы.

Бағдарламада қазақ тілін оқыту мәселесі көтерілді. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі пәніне география пәнінің тапсырмалары енген. Ал қазақ тілінің грамматикасы қарастырылмаған. Бұны қалай түсінуге болады? Бұл ана тіліміздің тамырын жойып, нағыз сауатсыздандыру емес пе?!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында «Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті» деді. Ал болашақтың сауатсыз ұрпағы тілдің көсегесін қалай көгертпек?! Студияда мамандардың ойы талқыға түсті. 

Бағдарламаның жүргізуші - редакторы Гүлнұр Омарханқызы.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/nysana_shalqar/1014261