Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» матч алдында ашық жаттығу өткізді

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» матч алдында ашық жаттығу өткізді

Бүгін «Астана» клубының футболшылары «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды. Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы матч түнгі сағат 01:00-де басталады. Елордалық команда тарихи ойынға қалай дайындалып жатыр? Матч жөнінде спорт мамандары не дейді? Бұл туралы әріптесіміз Индира Бектенова Old Trafford-тан арнайы хабарлады.  

«Бас аяғы 70 матч, оның ішінде 27 ойында жеңіске жетсе, 19 кездесуді тең аяқтаған. Бұл Астана футбол клубының Еурокубок ойындарындағы көрсеткішсінің қысқаша статистикасы. Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Л тобындағы «Астана» футбол клубы үшін «Манчестер Юнайтедқа» қарсы өтетін сырт алаңдағы ойын Еурокубоктегі 71 кездесу болмақ. Әйгілі Old Trafford стадионында өтетін матч алдында екі клубтың футболшылары ашық жаттығу өткізді. Алдағы ойында «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бапкері жас ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беретіндей. Тіпті Аксель Туанзебені журналистермен өткен баспасөз маслихатына өзімен бірге ертіп келгені де бекер емес. Қорғаушыны жасыл алаңда бүгін көруіміз әбден мүмкін. Алаң қожайындары сапынан Погба, Марсияль мен Шоу жарақат алып қалса, «Астана» футбол клубы ойыншыларының барлығы бабында және команданың медиа офицері Асқар Хамиденовтың айтуы бойынша, футболшылардың көңіл күйі жақсы»,- дейді Индира Бектенова.

Толық ақпарат аудионұсқада.