Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дисней фильмдері: аударма, қазақшаға бейімдеу, дубляж мәселелері

Дисней фильмдері: аударма, қазақшаға бейімдеу, дубляж мәселелері

«FILMFAN» хабарында актер, дуляж режиссеры Шахмұрат Ордабаев, ақын, редактор Рахат Әбдірахманов қонақта болды, аудармашы Әсел Мамырова телефон арқылы тікелей байланысқа шықты. 

«Болашақ» корпоративтік қоры «Өзіңнен баста» жобасы аясында осы уақытқа дейін Дисней, Пиксар секілді шетелдік компаниялардың анимациялық, шытырман оқиғалы фильмдері қазақша сөйледі. Жай ғана сөйлеп қоймай, қазақтың өзі шығарған туындыдай қазақ дүниетанымы, түсінігі, қалжыңына сай бейімделді. 

· Ағылшын тілінен аударғанда тікелей аударма жарамай ма? 

· Аудармашы редактор да бола ала ма? 

· Ағылшынның тұрақты сөз тіркестері, идиома, қалжыңдарын қазақы дүниетанымға сай келтіруге шетелдік компания қарсы ма? 

· Актерлардың пікірімен дыбыстау тобы санаса ма? 

· Аудармадағы ең қиыны не, диалогтар немесе ән мәтіні? 

· Ән мәтініндегі ауыз қимылы, ашылып-жабылуы сай келу үшін аудармадан ауытқу болуы мүмкін бе? 

Осы және өзге де сұрақтар бағдарлама барысында талқылданды. 

Интерактив хабар барысында тыңдарманға аудиосұрақтар қойылып, жеңімпаздарға отандасымыз Олег Степченконың «Айдаһар таңбасының құпиясы» фильміне 2 кісілік билеттер ұсынылды. 

Киноның жанкүйері болсаңыз, әлемдік және отандық премьераларға билеттер ұтып алғыңыз келсе, әр бейсенбі сағат 20:10-да Қазақ радиосының эфирінен берілетін «FILMFAN» хабарын тыңдаңыз.

Бағдарламаны жүргізгендер: Диас Балмағанбет және Жадыра Жұмакүлбай.