Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кемел Тоқаев парасатты, жаны сұлу адам еді – Әбілфайыз Ыдырысов

Бүгін шытырман хикаялы проза жанырында қалам тартқан жазушы – Кемел Тоқаевтың туған күні. 

Жазушы Кемел Тоқаевтың өмір тарихы өте қызық. Басынан небір қиын-қыстау заман өткен, қабырғасы қатпаған қаршадай кезінде ата-анадан айырылып, тұл жетіп боп қалған кездері бірнеше кітабына арқау болды. Кемел ағамен қызметтес болған жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың жазушы жайындағы бір әңгімесі Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталыпты.

Әбілфайыз Ыдырысов: «Кемел Тоқаев парасатты, жаны сұлу адам еді. Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтын-ды. Кемшілікке төзбейтін, адамның қателігін бүкпесіз бетіне айтады. Менмендік, тәкаппар қылықтан ада, қандай игі істер атқарса да, ешкімге міндет артпай, заманына сай адал еңбек ететін-ді. Бізге Бас редактор болып келген соң тез тіл табысып кетті. Ол өзі білмейтінді сұрап алушы еді. Сондай ақылды адам еді».

«Дәуір үні» хабарының толық нұсқасынан аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Жанат Жанұзақ.

Мәтінін оқыған Мұхамедәлі Болатұлы.