Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда газбен жүретін 332 602 көлік бар

Қазақстанда газбен жүретін 332 602 көлік бар

Биыл тек 9 айда 34 мыңнан астам көлік көгілдір отынға көшкен.

Қазақстанда газбен жүретін 332 602 көлік бар. Бұл елдегі барлық автокөлік паркінің 8 пайыздайын құрайды. Бұл туралы Қазақ радиосының Жаңалықтар қызметі хабарлады. Биыл тек тоғыз айда (қаңтар-қыркүйек) отынның бұл түріне 34 256 көлік ауысқан. 

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Серік Нұрбаевтың сөзінше, республика бойынша газ қондырғысы орнатылған көліктер саны ең көп өңір - Маңғыстау облысы. Аталаған аймақта өткен жылғы мәлімет бойынша 69 000-нан астам көгілдір отынмен жүретін көлік тіркелген. Ал Шығыс Қазақстан облысында мұндай көліктердің саны небәрі 3500-дай ғана.  

Көлік жүргізушілері газбен жүретін көлік экологиялық тиімділігін айтпағанда ақша жағынан айтарлықтай үнем екенін айтады. Себебі, газ жанармайға қарағанда екі еседей арзан. Мұндай автокөліктің тағы бір артықшылығы, көлік қозғалтқышының ресурсы 1,5 есеге артады. 

Нұр-Сұлтандағы көлікке газ қондырғыларын орнататын компанияларда қозғалтқышқа газ қондырғысын орнату бағасы 140 мың теңгеден басталады. Баға газ құрылғыларының көлемі мен сапасына байланысты әртүрлі болады. Көліктің от алу жүйесі мен қозғалтқыштағы цилиндр саны да бағаға әсер етеді. Мәселен, төрт цилиндрлі қозғалтқышы бар көліктерге газ орнату 140 мың теңге төңірегінде, алты цилиндрлі көліктерге 180 мың.

 Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда республика бойынша ірілі-ұсақты 2,5 мыңдай газ құю бекеті бар. Оның ішінде Маңғыстау облысында 300 дей, Нұр-сұлтанда 130 ға жуық, Алматыда 170 тей газ құю бекеті бар.

Төменде 2018 жылғы мәлімет келтірілген. Биылғы статистика әзірге әзірленбеген,-деп жауап берді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Серік Нұрбаев. 


На 34 тысячи увеличилось количество автомобилей на газовом оборудовании в Казахстане за девять месяцев текущего года. Всего в стране таких авто свыше 330 тысяч. А это около 8 процентов всего автопарка страны. Об этом сообщает Служба Новостей "Қазақ радиосы". Только за девять месяцев, машин на ГБО стало больше на 34 256. По словам Старшего инспектора Комитета административной полиции МВД РК Серика Нурбаева, больше всего владельцев машин на газовом оборудовании - в Мангистауской области. В этом регионе, по данным за прошлый год, числится 69 тысяч автомобилей на ГБО. А в Восточно-Казахстанской области всего 3,5 тысячи таких машин.

Машины на газовом оборудовании довольно популярны и в столице. Выгода таких машин – это, конечно же, экологическая безопасность и экономия средств. Стоимость установки газового оборудования на автомобиль в главном городе страны начинается от 140 тысяч тенге. Цена зависит от количества цилиндров и от объема двигателя автомобиля. На четырехцилиндровый автомобиль четвертого поколения стоимость установки начинается от 140 тысяч тенге, на шестицилиндровый от 180 тысяч. По данным Министерства Энергетики, на данный момент в стране насчитывается свыше 2,5 тыс. газовых станций для заправки автомобилей на ГБО. Из них 303 в Мангистауской области, в Нур-Султане около 130, в Алматы - 170 АГЗС.

  За статистическими данными мы обратились в КАП МВД РК. По сведениям представителя ведомства Серика Нурбаева данные за текущий год ещё не сформированы, поэтому приводим статистику за прошедший год.