Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Профессор: "Қазір балеттану мамандығына қызығатын жастар аз"

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасының бүгінгі қонағы - Қазақ ұлттық хореография Академиясының профессоры, арт менеджмент және өнертану кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымының кандидаты – Гүлнар Жұмасейітова.

Студия қонағы «Кәсіби балетмейстерлер шығармашылығының халық биі дамуындағы орны» тақырыбында сұхбат берді. Балеттану ғылымына саналы ғұмырын арнаған ғалым Гүлнар Тазабекқызы білімге құштар жастардың арасында хореография саласын ғылыми тұрғыдан зерттеуге ұмтылатындары аз екенін тілге тиек етті. 

Отандық хореографияны зерттеп, дамытудағы еңбектер мен әдістемелік оқулық кітаптардың («Страницы казахского балета», «Хореография Казахстана») авторы еліміздегі бірқатар театрлар мен өнер ұжымдарының жұмысына тоқталды. 

«Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры, Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Болат Аюханов атындағы би театры, «Астана Опера», «Астана Балет» туралы толық мағлұмат беретін, олар туралы толық баяндайтын зерделенген еңбегінің келешек ұрпақ үшін маңызын сөз етті. Болашақта жалғасын жазу жоспарда екенін жеткізді. 

Сонымен қатар бағдарламада қазақ халқының би өнерінің дамуындағы кәсіби балетмейстерлердің алатын орны мен қазіргі уақытта ұлттық балет неге аз қойылатындығы, бишілердің зейнетке шығу жасы төңірегінде айтылды.

Бағдарламаның жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.

Толық нұсқасын Шалқар радиосының мұрағаты мен Ютуб, Фейсбуктегі парақшадан көріп, тыңдай аласыздар.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1027650