Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді

Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді

Геннадий Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 қазан күні Нью-Йоркте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанғанды.

BoxRec.com басылымының хабарлауынша, осы жекпе-жектен кейін Нью-Йорк штатының Атлетика комиссиясы Головкиннің рингке шығуына тыйым салды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген. Бұл «шеттетудің» себебі – спортшы атаулының қайта бабына келуі үшін жасалатын медициналық тұжырым.

Еске сала кетейік, екі боксшы да жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілген. Эдди Хирннің айтуынша, Головкин қолынан жарақат алған көрінеді.

Головкиннің артынан Деревянченко да жекпе-жектерден шеттетілді.

Сондай-ақ, BoxRec.com басылымының хабарлауынша, украиналық боксшы емделіп, қайта бабына келуі үшін рингке шығуына тыйым салынды. Тыйымның мерізмі белгіленбеген.