Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ертегі жазатын талантты балаларды шақырамыз!

Ертегі жазатын талантты балаларды шақырамыз!

Қазақ радиосы жаңа маусымда балаларға арнап «Балаларға базарлық» хабарын ашты. Хабарда ертегі, аңыз, балаларға арналған қазақ және әлем жазушыларының шығармалары, ұлы тұлғалардың ғибратты әңгімелері кәсіби актерлардың, сөз шеберлерінің орындауында беріледі. 

Әрбір бала талантты. Әр баланың бойында ашылмаған қырлары бар. Дарынды баланы танытуға радио ұжымы үлес қосуға дайын. Сондықтан ертегі жазатын талантты балалар шығармаларын Қазақ радиосына жолдауына болады. Үздік ертегілерді сараптап, әуе толқынынан шығаруға мүмкіндік береміз. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі 4 мекен-жайына Қазақ радиосының «Балаларға базарлық» хабарына деп хат жолдаңыздар. 

«Бозторғай»

6-қазан қырғыз халқының «Бозторғай» атты ертегісі эфирден берілді. Шытырман оқиғаға толы бұл ертегіде балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін табады. 

Кейіпкерлер мен орындаушылар: 

Бозторғай-Ләззат Тиышбекқызы 

Қурай- Бағдагүл Рахметқызы 

Ешкі - Айнұр Шәмші 

Қасқыр –Ермек Тұрғанбеков 

Бақташы –Рүстем Жүніс 

Тышқан- Айнұр Шәмші 

Жел- Ләззат Тиышбекқызы 

Бай- Ермек Тұрғанбеков 

Ертегі тыңдаған баланың қиялы жүйрік болады. Әлемді тануға ұмтылады. Өзінің қиялындағы кейіпкерлерге ұқсағысы келеді. Ертегіні көп тыңдаған балалар мектепте шығарманы да жақсы жазатын болады. Достыққа берік, мейірімді болып өседі.

Ендеше әр аптаның сенбі, жексенбі күні саған 21:40-та Қазақ радиосының "Балаларға базарлық" хабарын тыңдауға шақырамыз. 

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Толқын Сұлтан. 

Қойылымның дыбыс режиссері: Қайсар Ердеш.