Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Төлеген Айбергенов жайлы «Алтын қордан» алынған сырлы сұхбат

Төлеген Айбергенов жайлы «Алтын қордан» алынған сырлы сұхбат

Төлеген Айбергенов. Осы бір есім аталған сайын, қазақ поэзиясына өзгеше бір құбылыс болып қосылған қыран мүсін, темір топшылы тегеуірінді талант иесі еске түседі.

«Құйрықты жұлдыз секілді, туды да көп тұрмады» деп ұлы Абай айтқандай Төлеген туған әдебиетіміздің аспан астынан зу етіп өтке шыққан зымыран құстай көзден ғайып болды. Бірақ ақынның артында өр ағысты, адуынды, шамырқанған шабыттан пайда болған ақалмас жырлары қалды.

Ғұмыры қысқа болса да, өлеңін нұсқа еткен Төлеген қазақтың поэзиясына өз бояуын қосқан кемел талант-депті ақын Әбділдә Тәжібаев. Осы жолғы "Дәуір үні" хабарынан Қазақстанның халық жазушысы, ақын Әбділдә Тәжібаев пен ақын Төлеген Айбергеновтің жары Үрниса Айбергенованың «Алтын қордағы» естелік сұхбатын тыңдай аласыздар.

Толық ақпарат аудионұсқада.

"Дәуір үні" хабары әр сәрсенбі сағат 15:10-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Хабардың редакторы: Жанат Жанұзақ.