Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Рияшылдық сөзінің мәні неде?

Рияшылдық сөзінің мәні неде?

Қазақ радиосының «Ықылас» бағдарламасында "Әзірет-Сұлтан" мешітінің найб имамы Бақытжан Өткелбаев қонақта болды.

Бүгінгі қасиетті жұма тақырыбы, жұма уағызы «Рияшылдық екі жүзділіктің белгісі» тақырыбы жайында және ҚМДБ ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты үшінші Республикалық имамдар форумы туралы болды. 

Қазақта риясыз махаббат, риясыз сүйіспеншілік, риясыз сезім деген сөз тіркестері сирек те болса да айтылып жатады. Қазақ мұны қалай түсінген? Риясыз дегеннің мәнісі қандай? Әлбетте, бұл сөз төл тілімізде сирек қолданылатыны рас. Алайда терең мағыналы сөз. Риясыз дегені – шынайы, таза деген мағынаны білдіреді. Шынайы ықыласпен атқарылған әрбір іс – риясыз атқарылған іс болып табылады екен.

Тілімізге енген «рия» сөзінің қайдан келгеніне, сөз төркініне үңілсек, «рия» араб тілінен енген сөз. Жалпы, Ислам діні қазақ даласына келгелі бері тіліміздің сөздік қоры араб сөздерімен де толықты.  Бірақ ауыз екі тілде рия сөзі сиректеу қолданылады. Интернет беттерін ақтарғанда, бірлі-жарым «риясыз» тіркесімен келген сөздерді кездестіреміз. Ал рия сөзін кездестіру қиындау. Өйткені рия сөзі діни ұғымға анағұрлым жақын. Сонымен «рия» сөзі діни әдебиеттерде, діни ұғымдарда кеңінен қолданылады. Діннен хабары бар кез келген адам мұның мәнісін жақсы түсінеді.  Рия дегеніміз «Алланың емес, басқаның көңілінен шығу үшін Аллаға арналған амал-әрекетті ықылассыз істеу». Рия дегеніміз – «Аллаға құлышылық қылғандай көрініп, құлдардың ілтипатын көздеу». Рия дегеніміз – «Адамдар көрсін, көңілін табайын деген ниетпен құлшылықты көрсетіп жасау».

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

«Ықылас» бағдарламасы әр жұма сайын сағат 10:15-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.