Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Көмір қаншадан? (қаз/рус)

Көмір қаншадан? (қаз/рус)

Республика бойынша 1 тонна көмірдің орташа құны 12 мың 400 теңге. Ең қымбат көмір Оралда (18 мың 500 теңге), ең арзан көмір Семей қаласында (8 мың 660 теңге). Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратынша, өңірлердегі көмірдің қыркүйек айындағы бағасы келесідей: Нұр-Сұлтанда тоннасына 12296 теңге, Алматыда 14000 теңге, Шымкентте 13900 теңге, Ақтөбеде 13500 теңге, Көкшетауда 12517 теңге, Қарағандыда 9786 теңге, Қостанайда 12407 теңге, Қызылордада 14067 теңге, Оралда 18500 теңге, Өскеменде 9695 теңге, Павлодарда 11149 теңге, Петропавлда 11238 теңге, Семейде 8660 теңге, Талдықорғанда 12780 теңге, Таразда 13640 теңге. Қазан айындағы көмір бағасы туралы ақпаратты Статистика комитеті әзір жинақтамаған.  

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірер күн бұрын Үкімет пен әкімдерге көмір бағасын реттеуді, бағаны негізсіз өсіретін арадағы алыпсатарлардың жұмысын жөнге келтіруді тапсырды. Тапсырмадан кейін Ұлттық экономика министрлігі көмір бағасын қадағалауға алған. Аталған министрліктің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің баспасөз хатшысы Мадина Айсинаның сөзінше қазір көмір бағасы биржалық сауда талаптары арқылы бекиді. Президент тапсырмасынан кейін бұл талаптарды қатаңдату мәселесі қолға алынған.

«Бүгінгі күні коммуналды тұрмыстық көмірдің 60 пайыздан астамы өндіруші компаниялар тауар биржасы арқылы көмірді өткізеді. Көмір бағасы тауар биржасында қалыптасады. Монополияға қарсы орган сөз байласушылық белгілерін анықтау мақсатында жұмыс топтарын құрды. Осы жұмыс топтарының аясында бірнеше мәселелер қарастырылып, ұсыныстар енгізілуде. Соның бірі ретінде биржалық сауда талаптарын қатаңдату шаралары ұсынылуда» - деді Мадина Айсина.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметкері Дәулет Самбетбаевтың сөзінше қазір елорда мен Ақтөбе облысында көмір тапшылығы сезіледі. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласына бір жылға қажетті көмірдің 50 % ғана жеткізілген.

«Ақтөбе облысы мен бас қалада көмір тапшылығы байқалады. Жоспарға сәйкес тек Ақтөбе облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында халықты көмірмен қамтамасыз ету көрсеткіштері тиісінше 30% және 49,5%. Алайда, осы әкімшіліктердің берген мәліметтеріне сәйкес бұл көрсеткіш жоспарлы түрде орындалуда» - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметкері Дәулет Самбетбаев.

Бағаның өсуіне әсер ететін фактордың бірі–тасымалдау жұмысы. Қара отынның бағасы елді мекеннің алыс-жақын болуына қарай өзгеріп отырады. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында көпшіліктің сұранысына ие Шұбаркөл көмірінің тоннасы – 12 мың теңге. Аталған көмір бас қаламен іргелес жатқан Қараөткел елді мекеніне жеткенде 15 мың теңгеге саудаланады. Мұны көмір тасымалдаушылар да растап отыр. «Биыл да көмір аз. Сондықтан баға қосып сатушылардан алуға мәжбүрміз. Сату қоймаларында көмір бағасы арзан болса халыққа да арзанға жетеді деп ойлаймын» деді көмір тасушы Азамат Ахметов.

Айта кету керек, көмір, ет өнімдері, әлеуметтік нан бағасын бақылауға алуды Президент осы аптада үкіметке бірнеше рет тапсырды. Қазақ радиосы да бұл мәселені назарда ұстайды.

 Статистика комитетінің ақпараты 

Республика бойынша көмірдің орташа бағасы

2019 ж. Қыркүйек


Статкомитет: Средняя цена угля в регионах от 8 660 до 18 500 тг за тонну. 

После поручения Президента Касым-Жомарта Токаева цены на уголь взяты под контроль по всей стране. На сегодняшний день средняя стоимость 1 тонны угля составляет 12 400 тенге. Самый дорогой уголь в Уральске (18 тысяч 500 тенге), самый дешевый - в Семее (8 тысяч 660 тенге).

По словам пресс-секретаря Комитета по защите и развитию конкуренции МНЭ РК Мадины Айсиной, сейчас цены на уголь рассчитываются путем биржевых торгов. После поручения президента, рассмотрен вопрос об ужесточении этих требований, сообщили в ведомстве. «На сегодняшний день более 60% коммунального бытового угля добывается горнодобывающими компаниями и реализуется через товарную биржу. Там же формируется и цена на уголь. В случаях большого отклонения от биржевой цены, Антимонопольный орган создает рабочие группы для выявления признаков сговора. Одной из мер является ужесточение требований к торговле акциями », - сказала Мадина Айсина.

Не обходится в стране и без случаев дефицита. На сегодняшний день нехватака угля наблюдается в Актюбинской области и г. Нур-Султане. По словам пресс-сотрудника Министерства индустрии инфраструктурного развития РК Даулета Самбетбаева, около 50 % из годового необходимого объема угля доставлены в точки реализации. «На сегодняшний день в Актюбинской области и г. Нур-Султане обеспеченность населения углем составляет 30% и 49,5% соответственно. Однако, в ближайшее время дефицит будет восполнен. Нехватка угля – это временное явление», - сказал Даулет Самбетбаев.

Информация из Статистического комитета 

Средняя цена на уголь в стране

2019. сентябрь