Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сыбызғының тарихы

Сыбызғының тарихы

Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыздың тұрмысында көптеген музыкалық аспаптар болған. Олардың барлығы халықтың рухани және мәдени дамуына үлкен септігін тигізді. Музыкалық аспаптар ұлттық мерекелер мен әскери жорықтарда және діни рәсімдер кезінде қолданылды.  

Халқымыздың кең тараған музыкалық аспаптарының бірі – үрлемелі аспаптар. Бұл аспаптар ағаштан, қамыстан сүйектен, мүйізден, мыстан және саз балшықтан жасалады. Оларға сыбызғы, сазсырнай, ускирик, тастауық, буғышақ, муйыз сырнай, қамыс сырнай, мессырнай және т.б. жатады. Аталған аспаптардың ішінде ең көп таралғандарының бірі – сыбызғы. Бұны көлденең флейтамен салыстырып, ағаш текті аспаптардың бір түріне жатқызуға болады.

Сыбызғы қурай, өрік ағашы, мыс және жануарлардың сүйегінен жасалған. Аспаптың ұзындығы әртүрлі (шамамен 50 см) және алты-жетіге жуық дыбыс ойықтары бар. Бұл аспап басқа үрлемелі аспаптарға қарағанда диапазонының кеңдігімен, техникалық-орындаушылық мүмкіндіктерімен, бірқалыпты дыбыс бояуымен ерекшеленеді. Аспаптың динамикалық ерекшеліктері техникалық мүмкіншілігі жоғары, әрқилы, әртүрлі мәнердегі шығармаларды орындауға мүмкіндік береді.

Сыбызғы - өте көне аспап. Бұл туралы алғашқы жазбаша ескерткіштер XI-XIV ғасырларда пайда болса да, қазба жұмыстары кезінде табылған бұл аспаптар біздің дәуірімізге дейінгі IV-I ғасырларға жатады.

Бұрыңғы замандарда батырлар мен аңшыларға, әсіресе шопандарға сыбызғы тарта білу аса маңызды болған. Сыбызғы жайлауда жүрген шопандардың жан серігіне айналған. Сыбызғышылар кешкі мезгілдерде салт-дәстүр, аңыз-әңгімелерді айта отырып халықтың көңілін көтерген.

Аспаптың кең таралуы оның оңай жасалуымен байланысты болды. Сыбызғыны дыбыс ойықтары бар іші қуыс қурайдан жасаған. Аспаптың жасалуы қарапайым болғанымен, тартып үйрену оңай шаруа болмаған. Сыбызғы күйлері негізінде екі дауысты болып келеді: негізгі дыбыс аспаптан шықса, төменгі бурдон орындаушы көмейінің көмегімен шыққан. Сыбызғышы қосдауысты орындау әдісін игеруі керек болған.

Серік Нұрмолдаевтың «Кертолғау» бағдарламасын әр сәрсенбі сайын сағат 12:00-де орыс тілінде, әр сенбі сайын сағат 12:00-де қазақ тілінде «Classic» радиосынан тыңдай аласыздар.

«Classic» радиосы Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,00 FM толқынында хабар таратады.