Атырау облысындағы екі мектепке Фариза Оңғарсынованың есімі берілуі мүмкін (Қаз/Рус)
Атырау облысындағы екі мектепке ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың есімі берілуі мүмкін. Олар Исатай және Құрманғазы аудандарында орналасқан. Бұл туралы Қазақ радиосына берген сұқбатында Атырау облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Дияшова айтты.
«Биыл өздеріңіз білетіндей Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы аталып өтті. Поэзия падишасы Атырау облысының тумасы және біздің мақтанышымыз. Мектептерге Фариза Оңғарсынованың атын беру туралы бастама республикалық ономастикалық комиссия отырысында қаралады. Комиссияда мақұлданған соң үкімет қаулысының жобасын әзірлейміз. Бір мектеп Исатай ауданындағы Манаш елдімекенінде орналасқан, екіншісі Құрманғазы ауданындағы қазіргі Н.Крупская атындағы орта мектеп»,-дейді Жеміс Дияшова.
Ұлт зиялыларын ұлықтау теріскейде де жүруде. Атап айтсақ, Петропавл қаласындағы өнер колледжіне Ермек Серкебаевтың есімін беру туралы шешім облыс деңгейінде қабылданған. Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтановтың сөзінше мұндай ұсыныс тек колледж ұжымынан ғана емес жергілікті зиялылардан да келіп түскен.
«Бұл ұсыныс қазір облыстың ономастикалық комиссиясында мақұлданып, көпшіліктің қолдауына ие болды. Қазір үкімет қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжат тиісті министрліктің келісімінен кейін үкімет басшысының кеңсесіне жолданады», - дейді Ернияз Сұлтанов.
Айта кету керек, қазір көптеген өңірлерде жер-су, көше және нысандарға қазақша атаулар беру жүйелі түрде жүзеге аса бастады. Мысалы Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы жаңа ықшам аудандардағы бірнеше көше Кейкі, Кетбұға батырлардың және Жұмабек Тәшеновтың, композитор Александр Затаевичтің есімдерімен аталуы мүмкін. Атауларды ауыстыру елордада да жүруде. Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 білім беру орталығына белгілі тұлғалардың есімдерін беру мәселесі қалалық ономастикалық комиссияда қарастырылып оң шешімін тапқан. Жіберілген ұсыныс үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға қарастыру үшін жіберіледі.
Именем Фаризы Онгарсыновой назовут две школы в Атырауской области.
Именем поэтессы, народного писателя РК Фаризы Онгарсыновой намерены назовут две школы в Атырауской области. Одна из них в Исатайском, другая в Курмангазинском районе. Глава отдела ономастики и развития языков управления по развитию языков Атырауского областного акимата Жемис Дияшева рассказала Казахскому Радио почему была выбрана именно эта личность. По ее словам, это приурочено к 80-летию поэтессы Фаризы Онгарсыновой, которое отмечали в Казахстане в этом году.
«Она уроженица Атырауской области, гордость нашего региона. Мы ее ценим, уважаем. Документ будет рассмотрен республиканской ономастической комиссией. Как только мы получим оттуда положительный ответ – будет подготовлен проект постановления правительства. Фариза Онгарсынова родилась в Исатайском районе, в месте под названием Манаш, там и находится Нарынская средняя школа, которую намерены назвать ее именем. Вторая школа, средняя школа им. Крупской находится Курмангазинском районе»,- отметила Жемис Дияшева.
Имя казахского оперного певца Ермека Серкебаева решили присвоить Петропавловскому колледжу искусств в Северо-Казахстанской области. Глава отдела ономастики и развития языков управления по развитию языков Северо-Казахстанского областного акимата Ернияз Султанов отметил, что предложение по присвоению имени поступило не только от коллектива учреждения, но и от различных известных личностей региона.
«Ермек Серкебаев известный казахстанский артист, наш земляк. Поэтому известные личности региона и коллектив колледжа искусств города Петропавловск выдвинули предложение по присвоению учреждению его имени. Данное предложение прошло областную ономастическую комиссию и нашло поддержку. Сейчас подготовлен проект постановления правительства, который направлен на согласование в министерства, и, если этот документ будет согласован, далее он будет направлен на в канцелярию премьер-министра»,- рассказал Ернияз Султанов.
Отметим, что кроме этого в разных городах Казахстана ожидается присвоение как новым, так и старым учреждениям и улицам присвоения имён известных людей. К примеру, в городе Сатпаев Карагандинской области в новом микрорайоне улицы готовятся обрести имена Толеп, Кейки, Едиге, Кетбуга батыров, государственного деятеля Жумабека Ташенева и композитора Александра Затаевича. Сегодня стало известно, что в столице 12 школам города могут присвоить имена известных людей, в числе которых есть даже шейхи ОАЭ и Катара.