Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Димаштың өнері жарты күнде 120 млн көрілім жинады

Димаштың өнері жарты күнде 120 млн көрілім жинады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнері жарты күннің ішінде 120 млн қаралым жинады.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», - дейді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда өткен Бетперде киген әнші (Mask Singer) шоуына қатысып, өнер көрсеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Mask Singer – қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады.

Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған.


Дереккөз: Қазақпарат