Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркі әлемінің ғұламасы Юнус Эмре

Түркі әлемінің ғұламасы Юнус Эмре

«Түркі әлемі» хабары исі түркіге ортақ тұлғаларды, дәстүр мен мәдениетті, әдебиет пен тарихты сөз етіп, түркі халықтарының ынтамақтастығының артуына қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да ықпал еткісі келеді. Сондықтан әр хабарға түркі тарихына ортақ тұлғалдар туралы да айтып отырды міндет деп санайды.

2018 жылы түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VІ саммитіне қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі халықтарының рухани жаңғыру мәселесіне ерекше тоқталған еді. Осы ретте мемлекет басшысы «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есімді» анықтауды ұсынған болатын. Ғалымдар дайындаған тізімде түріктің атақты ақыны Анадолыдағы Қожа Ахмет Яасауи жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы Жүніс Әміре де бар.

«Юнус философиясындағы ең маңызды ұғымдардың бірі-адамды сүю. Шын мәнісінде, әлем әдембиетінің өзінде адамды соншалықты ұлықтайтын және сүйетін ақынды көру мүмкін емес. Батыстың гуманизм деп мақсат еткен ойдың дәрежесіне Юнус ғасырлар бұрын жеткен. Алайда оны батыстық көзқарастағы гуманист деп атау қиын. Өйткені гуманизмде адам баласын Құдайдың дәрежесінде дәріптеу бар. Юнус болса адамды керісінше Алланың ең көркем және ең керемет жаратылған тіршілік иесі болғаны үшін сүйеді. Юнус Эмре барлық мұсылман жұрты тіпті адамзатты құшағына алғандай. Осы себептен оны тарикаттардан биік ақын ретінде бағалау керек. Оның ақындығы әрі ана тілі- түрікшеге мән беруі, тіпті қоғамдық ықпалы тұрғысынан келгенде, Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи бабамызбен үндесетіндігін көреміз»,- дейді Түркиялық жазушы Мұстафа Өзчилик.

Хабарда ақынның жырлары оқылып, хикметтері жыршы, Зағипа Иманғазиеваның орындауында түрік тілінде орындалады.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Толқын Сұлтан.

Дыбыс режиссері: Қайсар Ердеш