Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

1. Павлодарда «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» жобасы қолға алынды. Мақсаты – ұмыт қалған салт-дәстүрді жаңғыртып, көне термелер мен әндерді іздеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі бұл игі істе қазақтың ас түрлерін даярлау әдістерін таныстыру да негізгі міндеттердің бірі. Жоба аясында мәдениет саласының мамандары ауыл-ауылды аралап, атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде қолөнер шеберлерінің көрмесі мен гала-концерт ұйымдастырды. Мұнда көшпенділер мәдениетін жаңғыртуды мақсат еткен шеберлер бас қосып, өз туындыларын паш етті. Ал өнерпаздар концерттік бағдарламада халық әндері мен күйден шашу шашты.

2. Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері Алматылық көрермендерге жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған қойылымды сахналады.

3. Атырауда құмаршық дәніне ескерткіш қойылды. Шағылды құмда кездесетін осынау құм өсімдігі Нарын құмының тұрғындарын талай аштықтан аман алып қалған болатын. Ал мұнайлы өңірдің халқы, киелі дәнге деген құрметтерін осылайша білдірді. Бұл – мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан шара. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілер, мүсіншілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Биіктігі төрт метрлік гранит тақтаға құмаршық дәнінің топырақты бойлай таралған тамыры таңбаланған. Ал тұсында қыз баланың бейнесі арқылы суретші сұрапыл аштықтан аман қалған аға буынның бүгінгі жалғасын бейнелепті. Шараны ұйымдастырушылар, болашақта осы құмаршық дәнінен тағам дайындаушылар сайысын өткізуді жоспарлап отыр.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.